Владимир Аврамович Дитюк ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1976), ауыл шаруашылығы озаты, тыңгер механизатор. 17 қарашада 1935 жылы Украинада, Харьков облысы Сумы қаласында туған

Еңбек жолдары 1950-1954 жылдары Украина жерінде, Полтава облысы Миргород ауданының Сорочинск МТС-інде тракторшы болды. 1954 жылы (комсомолдық жолдамамен тыңға келді) Целиноград облысының(қазіргі Ақмола облысы) Ново-Калутонский(Жаңа-Қалқұтан) МТС-інде тракторшы болды. 1958-1967 жылдары "Колутон"(Қалқұтан) совхозында тракторшы болып еңбек етті. 1962 жылы КОКП қатарына кіреді. 1967 жылдан "Колутон" совхозының комсомол-жастар трактор-егіс бригадасын басқарды. 10-бесжылдықтың алғашқы 2 жылында ол басқарған бригада 6000 га жерге астық егіп, оның әр гектарынан міндеттемедегі 13,5 ц-дің орнына 14,4 ц өнім жинады. Мемлекетке астық өндіру мен тапсыру жөніндегі 11-бесжылдық жоспарын 3 жылда орындап шықты. 10-сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары 2 рет Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1976) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары