Әбу Шама Шиһабуддин әл-Мақдиси () — араб жазушысы, тарихшы, хроникашы.

1203 жылы Дамаск қаласында дүниеге келген. Анықталмаған жағдайларда қарақшылардың немесе оның шығармаларына разы болмаған ассасиндердің қолынан 1267 жылы қаза тапқан.

Әбу Шама әл-Мақдисидің ең басты белгілі шығармасы: «Китаб әр-раудатәйн фи ахбар әд-дәуләтәйн ән-Нурия уәс-Салахия» — «Екі әулеттің хабарлары туралы екі бақ кітабы», Нур әд-Дин Махмуд пен Салах әд-Диннің билік кезеңдеріне арналған.

Әдебиет Әбу Шама Шиһаб әд-Дин әл-Мақдиси. Китаб әр-Раудатәйн фи ахбар әд-дәуләтәйн ән-нурийа уә-с-салахийа. Т. 1. Ч. 1—2. , 1956.

Санат:Мұсылман тарихшылар