Жамалбек Шәймерденұлы Шәймерденов (4 қаңтар 1928 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы – 17 сәуір 1998 жыл, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері.
Өмірбаяны Қоңырат тайпасы Саңғыл руынан шыққан. 1945 жылы аудан орталығындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген. Сол жылы Алматы ауыл шаруашылық институтының "Агрономия" факультетіне түсіп, оны 1950 жылы "ғалым-агроном" мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қазақ КСР Ауылшаруашылығы министрлігінің жолдамасымен 1952 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданының В.И.Ленин атындағы қой завод совхозының бас агрономы қызметіне келген, 1952-1956 жылдары сол совхоз-заводтың директоры. 1956-1958 жылдары Шу ауданының "Далақайнар" астық совхозының бас агрономы. 1958-1959 жылдары Шу аудандық ауылшаруашылығы инспекциясының төрағасы болып қызметтер атқарған. 1959‑1962 жылдары Қазақ КСР компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 1962‑1963 жылдары Мерке аудандық колхоз‑совхоз өндірістік басқармасын басқарған. Қазақ КСР коммунистік партия Орталық комитетінің шешімімен 1963‑1964 жылдары Шымкент облыстық компартия комитетінің екінші хатшысы болып сайланған. 1964‑1983 жылдары Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарғанБессменный председатель // Южный Казахстан. — 1999. — № 37(17.062). — 23 апреля... 1983 жылдан бастап 1990 жылға дейін Қазақстан Республикасының Халықтық бақылау комитетінің бірінші орынбасары болып, сол қызметтен Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. 1963‑1990 жылдарда Қазақ КСР компартиясы комитетінің кұрамының мүшесі болды, Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Жоғары Советінің VII‑VШ‑ІХ‑Х шақырылымының депутаты болды. КСРО Коммунистік партиясының ХХІ, ХХII, ХХIII, ХХІV, ХХV, ХХVІ, ХХVII съездерінің делегаты болып сайланды Отырар. Энциклопедия. — Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2..
Игі істері мен жетістіктері
Ж.Шәймерденов жұмыс істеген 20 жылда астық өндіру көлемі 20 еседен аса, мақта 1,35 есе, көкөніс пен жүзім 2,5 есе, жеміс‑жидек 3 есе өсті. Колхоздар мен совхоздардың негізгі өндірістік қоры осы мерзім ішінде 892,7 миллион сомға артты. Әр сиырдан сүт сауу 965 килограмға, етке өткізілген ірі қараның орташа тірідей салмағы 120 килограмға өстіОмирзак Акжигит. Одержимый созиданием // Казахстанская правда. — 2008. — 19 декабря.. Тек Х бесжылдықтың тұсында ғана облыста 1 млрд. 153 млн. сомның құрылыс‑монтаж жұмысы атқарылды. Осы уақытта 2 млн. 227 шаршы метрден астам тұрғын үй, көптеген жаңа мектеп, аурухана, балабақшалар салындыВо имя будущего // Южный Казахстан. — 2008. — № 148(18.532). — 5 декабря..
Ж.Шәймерденов облыс атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүрген кезде «Фосфор» бірлестігі, Шымкент, Састөбе цемент зауыттары, Кентау эксковаторжәне трансформатор зауыттары, Шымкент мақта‑мата комбинаты, Шымкент шина және шина жөндеу зауыттары бой көтерді. Бұл Оңтүстік Қазақстан экономикасының, әсіресе өнеркәсібінің гүлдену кезеңі болдыҚазақ жерінің зиялы азаматтары — Почитаемые люди земли казахской. — Алматы: Дәуір, 1999. — 1 т. — С. 344—346..
Жергілікті өнеркәсіп қолөнер бұйымдары өндірісінен халық шаруашылығының дербес, қуатты саласы деңгейіне көтерілді. «Восход» фабрикасы республика жеңіл өнеркәсібінің флагманына айналды. «Эластик» фабрикасы да құлашын кеңге жайды. Кондитерлік фабрика іске қосылып өндіріс орындары көбейе берді. Қалаларда, аудандарда көптеген мектептер, ауруханалар, жол тораптары, мәдениет ошақтары салынды. Облыс орталығында Жұмат Шанин атындағы драма театры ашылып, үлкен орталық сауда үйі бой көтерді. "Шымкент‑Ташкент" бағыындағы жаңа автожолы сол уақытта іске қосылды.
Отбасы Жамалбек Шәймерденовтің атасы Нарбек (1847-1935) ел билігіне араласқан, өзі шешен, болыс болған көрнекті тұлға. Нарбек бидің жаз жайлауы - Қаратаудағы Көлбай сазы, Мыңбұлақ сиияқты шұрайлы жерлер болған. Қыстауы - Сыр бойындағы Шәуілдір, Қызылдың құмы. Жиі жайлаған қонысы - Шошқакөл деп аталатын жерлер екен. Нарбек бидің ұлдары Петербор қаласында оқыған. Алты баласы мұсылманша сауат ашса, үлкендері Жорабек, Қамбарбек пен кенжесі Сәбденбек орысша оқыған көзі ашық азаматтар болған. Петерборда олар Жорабек Нарбековский, Камбарбек Нарбековский, Сабденбек Нарбековский болып кетеді (поляк оқытушысы берген қойыртпақ фамилия). Шәймерден Нарбекұлы – бидің төртінші ұлы. Ұжымдастыру жылдарында белсенді қызмет еткен еңбекқор болған. 1930-1935 жылдары қазіргі Сайрам ауданының Тастақ деген жерінде (ескі аты Тассай) Сталин атындағы ұжымшардың басқарма бастығы болып қызмет істеген. Жамалбек Шәймерденовтің анасы Балкүл - ақылды, ұстамды, сөзге өткір, көпке басу айтатын, ел тыңдайтын беделді кісі болған. 29 жасында бес баламен жесір қалады. Отағасы фәниден өткенде балалары Әмірше – 12-де, Әнуарбек – 7-де, Жамалбек ‑ 5-те, Әли – 3-те, Әмзебек – 1 жаста қалған. Ж.Шәймерденовтың жұбайы Әлипа Шаймерденова - тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп, мектеп оқушыларын тәрбиелеу саласында еңбек сіңірген тәжірибелі педагог болған, білім беру саласының ардагері. "Білім" ("Знание") қоғамының төрайымы болып қызмет еткен (Шымкент). Жамалбек Шәймерденов жұбайы Әлипамен бірге бес перзент тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы - Сержан Жамалбекұлы Шәймерденов, Алматы Архитектура және құрылыс институтын үздік бітірген, Қазақстан Республикасының белгілі сәулетшісі, «АлматыГипрострой» институтының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы сәулетшілер қоғамының президенті, Шығыс елдері Архитектура қоғамының вице‑президенті болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарды. Оның қолынан шыққан сәулет өнерінің көркем туындылары - әсем көше, алаң, саяжол, ғимараттар - қазіргі уақытта Алматы қаласы мен барлық дерлік облыс орталықтарында, Түркістан, Кентау қалаларының әсем келбетін құрайттын көріністтен өз орнын тапқан. Кіші ұлы Серік Жамалбекұлы Шәймерденов - Алматы архитектура және құрылыс институтының студенті. Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты (ҚазХТИ), «Союзгипрорис» (г. Шымкент) ГЗИ ғылыми қызметкері, "Кітап" қоғамының төрайымы болған (Алматы қ.). Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы ШәймерденоваБурибаева М. А. Вся жизнь — история // Вечерний Алматы. — 10.10.2017. — № 128 // Адрес электронной версии: http://vecher.kz/incity/vsya-zhizn-istoriya Аяган Б. Г., Шаймерденова М. Д. История Казахстана (начало ХХ века — настоящее время): Учебник для 9 кл. общеобразовательной школы. 3-е изд., перераб. и доп. Рекомендовано Министерством образования и науки Республики Казахстан. — Алматы: Атамұра, 2013. — 400 с. – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы (Алматы қ.). Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі Шаймерденова Мендыганым Джамалбековна: Биобиблиографический указатель / Отв. ред. А. Ш. Алимжанова. Сост.: А. Р. Кульшанова, А. Е. Садыкова, К. Е. Тауенов. Переводчики: С. Д. Косназарова, Н.Аубакир. — Алматы: КазНАИ им. Т. К. Жургенова, 2017. — 72 с.: портр. [Серия «Биобиблиография ученых Казахстана»]. — қазақша, орысша, ағылшынша. ISBN 978-601-265-272-7. Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессорыШаймерденова Нурсулу Жамалбековна // КГУ им. Ш.Уалиханова: http://kgu.kz/saimerdenova-nursulu-zamalbekovna ; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторыhttps://de.wikipedia.org/wiki/Nursulu_Schaimerdenowa.%20https://de.wikipedia.org/wiki/Nursulu_Schaimerdenowa.%20%5D.Шаймерденова Нурсулу Жамалбековна: Биобиблиографический указатель / Сост. А. Б. Коразова, Ж. М. Уматова, М. А. Бурибаева. — Астана: ТОО Мастер По, 2013. — 48 с. ISBN 978-601-301-046-5.
Марапаттары Елге, партияға cіңірген еңбектері үшін марапатталды: 1978 жылы Қазақ Социалистік Республикасы Жоғары Советінің Құрмет грамотасы 1967,1971, 1974, 1976, 1978 жылдары бес рет «Еңбек Қызыл Ту» ордені 1980 жылы "Халықтар достығы" ордені 1982 жылы В.И.Ленин ордені "Құрмет белгісі" ордені одақтық дәрежедегі медальдар КСРО‑ның Халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің 15 алтын медалінің иегері.
Естеліктер Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов "Асыл аға, текті азамат" атты кітапта мынадай естелік айтады: Дара тұлға. Естеліктер / Құраст. Айтаханов Қ. - Астана: Фолиант, 2012. - 352 с. ISBN 978-601-292-625-5.
Қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (1963-1975) хатшысы болған Бижамал Рамазанқызы "Қайраткер" деген естелік мақаласында: ..
Есенғали Раушанов - ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты өзінің "Жайсаң қазақ" деген естелігінде: , - деген ықыласын білдіреді.Дара тұлға. Естеліктер / Құраст. Айтаханов Қ. - Астана: Фолиант, 2012. - 352 б. ISBN 978-601-292-625-5.
Дүйсенкүл Бопова - халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары өзінің "Кешегідей көз алдымда" атты естелік мақаласында: , деп Жамалбек Шәймерденовтің ел ағасы болған кезін жоғары бағалайды..
Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген жерлер нобай|Төмендегі тақта Жамалбек Шәймерденов тұрған үйге қойылған Шымкент қаласындағы көшеге Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген 1964-1983 жылдары тұрған үйінде (бұрынғы Н.Нариманов атындағы көшесі, 1, қазір - А.Асқаров атындағы көше) - Ж.Шәймерденовтің тұрғаны туралы мәрмәр тақта орнатылған Оңтүстік-Қазақстан облысы Еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің шешімімен Жамалбек Шәймерденовтің есімімен аталған көшеде қайраткердің 80-жылдығына орай ескерткіш орнатылғанПамятник Жамалбеку Шаймерденову открыли в Шымкенте // http://kzinform.com/ru/news/20130109/20581.html. Туған жері - Шәуілдір ауылындағы орталық саябақта ескерткіш орнатылғанЕскерткіш жауған жыл // Отырар ауданы әкімдігінің ресми сайты //https://web.archive.org/web/20130829030558/http://otraraimak.kz/Ұлт рухы ұлыларымен мықты // http://akikat.kazgazeta.kz/?p=1003 .
Дереккөздер
Санат:4 қаңтарда туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Шәуілдірде туғандар Санат:17 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:КОКП мүшелері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Кеңшарлар директорлары Санат:Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақстан КП ОК мүшелері Санат:КОКП XXIII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXVI съезінің делегаттары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі алтын медалінің иегерлері