Қордан Наурызханұлы Оспанов - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің іргелі және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі.іргелі және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі

Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі 1976. Қазақ мемлекеттік университеті. Механика-математика факультеті. Жоғары білім туралы диплом. 1982. ҚазКСР ҒА математика институты, Алматы қаласы. Физико-математика ғылымдары кандидатының дипломы. 1986. КСРО жоғары аттестациялық комиссия, доцент дипломы. 2000 ж. ҚР БҒМ математика институты, Алматы қаласы. Физика-математика ғылымдары докторының дипломы. 2004 ж. ҚР БҒМ, профессор аттестаты.

Еңбек жолы 1976-1989 жж. Оқытушы, доцент, Жезқазған педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі. 1989-1991 жж. ҚР Ғылым академиясының математика және механика институтының аға ғылыми қызметкері. 1991-2000 жж. ҚР БҒМ қолданбалы математика институтының ғылым жөніндегі директордың орынбасары, Қарағанды қаласы. 2000-2006 жж. Профессор , Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің іргелі және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі. 2006-2009 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы кафедрасының меңгерушісі.

Марапаттары 1994-2010 жж. ҚР БҒМ іргелі зерттеулер бағдарламасы. 1994-2010 жж. ҚР БҒМ іргелі зерттеулер бағдарламалары; 2003-2005 жж. ҚР БМ «ҚР инновациялық өндірістерін ғылыми-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету» бағдарламасы. 2004–2006 жж. ҚР БҒМ «Қолданбалы ғылыми-техникалық жобалар» бағдарламалары; 2005 ж. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері. 2010 ж. ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Еуразиялық ұлттық университеті қызметкерлері