Сливное — Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы, Белов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2024 жылы таратылған.Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
География Аудан орталығы – Мамлют қаласынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-де жерде, Сливное көлінің солтүстік-шығыс жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 135 адам (66 ер адам және 69 әйел адам) болса, 2009 жылы 60 адамды (35 ер адам және 25 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Мамлют ауданының таратылған елді мекендері