Жерар Деулофеу Ласаро (кат. Gerard Deulofeu Lázaro; Риударенес, Испания) — испаниялық футболшы, "Удинезе" клубының шабуылшысы.
Өмірбаяны Жерар Деулофеу Жерона ауданында Рьюдаренесте, 13 наурызда 1994 жылы дүниеге келді. «Барселона Б» клубында алғаш рет наурыз айында ойнады. Оған дейін «Хувениль А» командасында, сол жақ шеткі шабуылшы позициясында өнер көрсеткен. Алғашқыда ол плеймейкер рөлін атқарып жүрді.
Жерар жылдамдығы да, дриблингі керемет, ол бірнеше қорғаушыларды оңай алдап өтіп, пас беріп қана емес, сонымен қатар өзі де гол соғуға шамасы бар ойыншы. Жас болғанына қарамастан, көптің назарын өзіне әлдеқашан аудартты. Испанияның U-17 жастар ұлттық құрамасының бас бапкері Хинес Мелендес: "Жас «блаугранастың» тамаша қабілеттілігі бар. Бірақ сонда да, Жерар қорғаныста кішкене көбірек ойнауды үйрену керек, және оның физикалық жағдайы бойжеткен футболшылар деңгейінде болғанымен, Деулофеуге пасты дәл беруді жақсарту керек",- деп айтты.
9 жасынан (2003 жылдан) бастап, Деулофеу Барселона футбол академиясында жаттығып, Барселона Б клубында ойнады. 17 жасқа дейін жастар арасындағы барлық халықаралық жарыстарға қатысты. Испания чемпионатының 2010/11 маусымында, клубтың жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола, Реал Сосьедад клубына қарсы ойында, оны командаға қосалқы ойыншы ретінде шақырды, дегенмен, сол ойында Деулофеу ақыры алаңға шыққан жоқ. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде, Эркулеске қарсы ойында өзінің алғашқы кәсіби голын соқты. 17 тамызда Жерар Альмерия клубына қарсы ойында Хет-Трик жасады, бірақ оған қарамастан «Барселона Б» 4-5 есебімен ұтылып қалды.
2012 жылдың 20 қарашасында, чемпиондар Лигасында, мәскеулік Спартакқа қарсы ойында бірінші команда сапында дебюті болды.
Кейін "Севилья", "Эвертон", "Милан" клубтарында ойнап, 2017 жылы "Барселонадан" Неймар кеткен соң клубқа оралды. Бірақ бір маусымнан соң "Уотфордқа" жалға берілді де, 2019 жылы жазда түпкілікті ауысты.
Жетістіктері
Испанияның жастар құрамалары Еуропаның вице-чемпионы (17 жасқа дейін): 2010 Еуропа чемпионы (19 жасқа дейін): 2011,2012
Ескертулер
Сілтемелер «Барселона» клубының сайтындағы профилі BDFutbol сайтындағы профилі Transfermarkt сайтындағы профилі Ресми сайт
Санат:1994 жылы туғандар Санат:Риударенесте туғандар Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Уотфорд ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары