Ақшолақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында орналасқан темір жол бекеті.
Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан шығысқа қарай 22 км-дей, облыс орталығы - Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы Ауыл 1925 жылы Арыс-Бішкек темір жолын салуға байланысты пайда болған. Ауыл атауының шығу тарихы туралы ел аузында бірнеше нұсқасы бар. Бірі, "Ақшолақ" деген аяғы шолақ, әулие кісі болған екен дейді. Екіншісі, "Ақшолақ" деген батыр болыпты дейді. Тағы бірі "Ақшолақ" есімді қыз болған дейді. Дегенмен, ауыл атауының тура нұсқасын ешкім білмейді.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен495295 778 263,7 150 401 267,3 145 377 260
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері