Үлкен Жарма — Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Борки ауылы жанында орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 10,71 км2, ұзындығы 4,5 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойы ұзындығы 12,8 км. Ең терең жері 1,98 м, суының көлемі 14,8 млн м3. Су жиналатын алабы 101,0 км2. Бұрынғы Қамысты өзені аңғарының бір бөлігін қамтиды.

Сипаты Су жиналатын алабының 40%-н егістік алқабы алып жатыр. Көлдің түбі тегіс, саз балшықты. Тұнбасының қалыңдығы 0,1-0,5 м. Судың минералдылығы 1,0-5,0 г/л. Суы ащы. Көл бетінің 63%-ын қамыс, құрақ жапқан. Мал суарып, қамыс дайындау үшін пайдаланылады. 1957 жылдан бастап мұнда қамыс зауыты жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Аққайың ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы