Yahoo! Messenger (қысқартылған түрі Y!M) — Yahoo! компаниясының өзіндік жеке жүйелік протоколын қолдана отырып қызметін атқаратын лездік хабар алмасу бағдарламасы. Windows, Mac, Linux (Unix) тұғырларына арналып жасалған түрлері барYahoo Unix Messenger Beta Testing FAQ. Тегін таратылады әрі осы бағдарламаны қолдану үшін Yahoo! ғаламтор торабында алдын-ала тіркелуді ғана қажет етеді.

Бағдарлама ғаламдық тордың басқа қолданушыларымен нақ сол шақтағы байланыс орнатуы мақсатына арналады. Бағдарлама келесідей мүмкіндіктерді қамтыған: мәтіндік хабарлама, дыбысты хабарласу, бұған қоса көп қолданушылық дыбысты чат, бейнеконференциялар, ұялы және стационарлық телефон нөмірлеріне хабарласу, файл алмасу, онлайн ойындары, баптаулы онлайн әуен таратылымдары, Yahoo! торабының қызметтеріне баптаулы біріккен қол жетімділік. Орыс және қазақ тілдеріндегі сырт келбеті (интерфейс) қазірше жоқ, дегенмен бағдарламаны орыстандыру бағытында жұмыстар атқарылудаОфициальный блог разработчиков .

Ескертулер

Санат:Интернет Санат:Видеоконференция бағдарламалары Санат:Жүйелік протоколдар Санат:Yahoo! Санат:Лездік хабар алмасу бағдарламалары