Қаракемер ауылдық округі — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауылдық әкімшілік бірлік. Жер көлемі - 21295 га.

Әкімшілік құрамы Құрамына Қаракемер, Құмтүйін, Сеңгірбай елді мекендері қарайды. Ауылдық округте Төле би атындағы, Ильич атындағы орта мектептер, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт бар.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Қаракемер ауылы 540 1718 111,6 797 892 111,9 743 826 111,2 Құмтүйін ауылы 738 792 107,3 369 405 109,8 369 387 104,9 Сеңгірбай ауылы 126 74 58,7 62 43 69,4 64 31 48,4 Жалпы саны 2404 2584 107,5 1228 1340 109,1 1176 1244 105,8

Ауыл маңы табиғаты Сұлукөл - су қоймасы, қолдан жасалған көл, сол кездегі аудан басшылары айналасына сәнді талдар егіп, жұрт демалатын орынға айналдырмақшы болған, кейін қараусыз қалып, келіп құятын суы болмағандықтан көлдің суы тартылып қалған, шағын көлшік. Көкіштің көлі - сол маңның иесі, шаруашылығы ерте домалаған Көкіш деген байдың жайлауы болған деседі. Ол көлге де құятын су көздері болмағандықтан тартылып кеткен, қазіргі кезде шағын көлшік. Ауылдық округта 2 Төрткүл төбешігі бар. Төрткүл кезінде бекініс болған, биіктігі 6 м, ені мен ұзындығы 120 х 30 м қорғандар қалдығы.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) ауылдық округтері