Чили Ұлттық футбол құрама командасы — Чилиді халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Чили футбол федерациясының қол астында бақылауда болады. КОНМЕБОЛ мен ФИФА мүшесі.

Тарихы Өз алаңындағы матчтарын ел астанасы Сантьягодағы Ұлттық стадионда өткізеді.

Әлем чемпионатына алғаш рет 1930 жылы қатысқан. Одан соң 1950 жылы да қатысты, бірақ топтық турнирден өту тек 1962 жылы өз елдерінде ұйымдастырылған чемпионатта ғана бұйырыпты. Жартылай финалға дейін жетіп, Бразилиядан 2:4 есебімен ұтылып қалды. Бразилия құрамасымен мұнан соң үш рет әлем чемпионаттарының 1/8 финалында тоқайласты: 1998, 2010, 2014. Алғашқы екеуінде ойсырай ұтылса (1998 — 1:4, 2010 — 0:3), 2014 жылы соңғы минуттарға дейін айқасты. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальтилер сериясында Бразилияның бағы жанды.

Оңтүстік Америка кубогында екі жыл қатарынан, 2015, 2016 жылы топ жарды. Қызығы сол, екі ретте де Аргентинаны пенальтилер сериясы арқылы тізе бүктірді.

Жетістіктері Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1962 Конфедерациялар кубогынің финалисі: 2017 Оңтүстік Америка чемпионы (2): 2015, 2016 Оңтүстік Американың күміс жүлдегері (4): 1955, 1956, 1979, 1987 Оңтүстік Американың қола жүлдегері (5): 1926, 1941, 1945, 1967, 1991

Ардагерлері 10 қазан 2017 жыл №ФутболшыжжМатчГол1Алексис Санчес2006–11939Клаудио Браво2004–11903Гонсало Хара2006–11034Гари Медель2007–10975Маурисио Исла2007–9946Артуро Видаль2007–9823Жан Босежур2004–9868Леонель Санчес1955–196885249Эдуардо Варгас2009–813510Хорхе Вальдивия2004–797

Әлем чемпионаттарындағы мергендері Ойыншы Гол 1930 1950 1962 1966 1974 1982 1998 2010 2018 4 4 4 4 2 1 1 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Барлығы 40 5 5 10 2 1 3 5 3 6

Дереккөздер

Сілтемелер ЧФФ сайты Чили Ұлттық құрамасы ФИФА сайтында RSSSF-тегі Ұлттық құраманың гвардияшылары мен үздік қақпашылары

Санат:Чили Ұлттық футбол құрамасы