КОНМЕБОЛ (, Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы) — Оңтүстік Америкадағы футболды басқаратын ұйым. Кейде CSF аббревиатурасы қолданылады.

1916 жылдың 9 шілдесінде уругвайлық Эктор Гоместің арқасында негізі қаланды. Бірінші мүшелері болып Аргентина, Бразилия, Уругвай және Чили кірді. Олар Оңтүстік Америка, Буэнос-Айресте өткен алғашқы турнирде қатысу мүмкіндігін алды. Бұл турнир Аргентина тәуелсіздігін тойлауға арналды. Сәйкесінше сол турнирде КОНМЕБОЛ ұйымдастырылды. Кейінірек бұл турнир Американың бірінші кубогы атауын алды, ал біраз уақыттан кейін материктің басқа да мемлекеттері осы ұйымға қосылды.

Бүгінгі таңда КОНМЕБОЛ ФИФА құрамына кіріп, аймақтағы футбол мен турнир ұйымының дамуын бақылайды. Ұйымның штаб-пәтері Луке, Парагвайда орналасқан. Президенті - Эухенио Фигередо болып табылады.

Қауымдастық мүшелері МемлекетҰлттық құрамаФедерацияЧемпионатМағлұмат АргентинаҰлттық құрамаАргентина Футбол ҚауымдастығыПримера1893 жылы құралған, 1916 жылы КОНМЕБОЛ-мен бірге қаланған БразилияҰлттық құрамаБразилия Футбол КонфедерациясыСерия A1914 жылы құралған, 1916 жылы КОНМЕБОЛ-мен бірге қаланған БоливияҰлттық құрамаБоливия Футбол ФедерациясыПрофессионалды Лига1925 жылы құралған, 1926 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі ВенесуэлаҰлттық құрамаВенесуэла Футбол ФедерациясыБірінші Дивизион1926 жылы құралған, 1952 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі КолумбияҰлттық құрамаКолумбия Футбол ФедерациясыМустанг кубогы1924 жылы құралған, 1936 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі ПарагвайҰлттық құрамаПарагвай Футбол ҚауымдастығыПримера1906 жылы құралған, 1921 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі ПеруҰлттық құрамаПеру Футбол ФедерациясыПримера1922 жылы құралған, 1925 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі УругвайҰлттық құрамаУругвай футбол қауымдастығыПримера1899 жылы құралған, 1916 жылы КОНМЕБОЛ-мен бірге қаланған ЧилиҰлттық құрамаЧили Футбол ФедерациясыПримера1895 жылы құралған, 1916 жылы КОНМЕБОЛ-мен бірге қаланған ЭквадорҰлттық құрамаЭквадор Футбол ФедерациясыБірінші Дивизион1925 жылы құралған, 1927 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі

Президенттері ПрезидентЕлЖЖ1.Эктор Ривадавия ГомесУругвай1916—19362.Луис СалесиАргентина1936—19393.Луис Валенсуэла ЭрмосильяЧили1939—19554.Карлос Диттборн ПинтоЧили1955—19575.Жозе Рамос де ФрейтасБразилия1957—19596.Фермин СоретаУругвай1959—19617.Рауль КоломбоАргентина1961—19668.Теофило Салинас ФульерПеру1966—19869.Николас ЛеосПарагвай Колумбия1986—201310.Эухенио ФигередоУругвай2013—201411.Хуан Анхель НапоутПарагвай8 тамыз 2014 — 11 желтоқсан 201512.Вильмар ВальдесУругвай11 желтоқсан 2015 — 201613.Алехандро ДомингесПарагвай26 қаңтар 2016 — қазірге дейін

Турнирлері

Америка кубогы Либертадорес кубогы КОНМЕБОЛ кубогы (қазір өткізілмейді) Меркосур кубогы (қазір өткізілмейді) Рекопа Оңтүстік Америка кубогы

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:КОНМЕБОЛ