Рахат — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл. Көкорай өзекті бойлай ел қоныстанған ауылдың аты алғаш рет "Көкөзек" ауылы деп аталған. 1932-1933 жылдары ашаршылыққа ұшыраған халықты орталыққа шоғырландырады. Бос қалған бұл ауылдың үйлеріне қаладан өзбектер көшіп келіп орналасып, егіншілікпен айналысқан. Мол өнім алып, сулы, нулы жерге риза болған халық бұл жерді "рахат екен" деп қуанған. Ауыл сол себепті "Рахат" ауылы деп аталды.
Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1 км-дей жерде.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен408 604 148 209 299 143,1 199 305 153,3
Ауыл маңы Ауылдың оңтүстік-батысында ұзындығы 1 км, ені 100 м, тереңдігі 50-60 см болатын көл бар. Бұл көлдің орнында бұрындары өзен болған, жан-жақтағы бұлақтардың суы жиналып, жергілікті тұрғындардың қолымен бөгет қазып үлкейтілген. Бөгетті "Шәлімбет бөгеті" деп атаған, ол кейін суға толып, үлкейіп көлге айналған, көл ауылдың атымен "Рахат көлі" деп аталады.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері