Үшбас, Түйемойнақ – Талас алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысының Сарысу және Түркістан облысының Созақ аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 571 км2. Жағалауында бір ғана, Үшбас елді мекені бар.

Бастауы Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Қызылкөлге құяды.

Гидрологиясы Аңғары таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Жыланды өзеннің құяр сағасынан төменде 0,25 м3/с.Қазақ энциклопедиясы 9 том

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы өзендері Санат:Созақ ауданы өзендері Санат:Талас су алабы