Волощук Иван Софронович (1904-1958)Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), агроном. 1904 жылы Украинада, Кировоград облысы, Добровеличковск ауданы, Евдокимовка ауылында туған.
Иван Сафронович Волощук (1904, Украина, Кировград облысы Добровеличковский ауданы Евдокимовка селосы – 1958, Леңгір ауданы) – Социалистік Еңбек Ері (28.3.1948). 1929 – 1942 ж. Талас ауданы жер бөлімінде агроном, Леңгір МТС-нда аға агроном болды. 1942 – 1945 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1945 – 1951 ж. Леңгір МТС-ның аға агрономы. 1951 – 1958 ж. «Победа» ұжымшары басқармасының төрағасы болып, ұжымшар өндірісінің дамуына көп күш-жігер жұмсады. Ол кадрларды тәрбиелеуге, олардың агротехника ғылымының негіздерін игеруіне ерекше назар аударды. Леңгір МТС-нің аға агрономы еңбекшілер депутаттары облысының кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Отан алдындағы лайықты еңбегін бағалап, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 ж. 28 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Черкасск аудандық жер бөлімінде, одан кейін Леңгір МТС-да аға агроном болып істейді. 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, майданның алғы шебінде көрсеткен ерлік істері үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1945 -1951 жылдары - Леңгір МТС-да аға агроном болып еңбегін жалғастырады. 1951-1953 жылдары - "Победа" колхозы басқармасының председателі. ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.
Наградалары Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) "Орақ пен Балға" алтын медалі Медальдар
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары