Гордиенко Александр СавельевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), озат тракторшы, тракторшылар бригадасының бригадирі. 1905 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Сарқант ауданы (қазіргі Сарқан ауданы), Покровка селосында (Қызыл-Орақ) туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы алғашқылардың бірі болып колхозға кіріп, егіншілер бригадасының бригадирлерін дайындайтын курсты бітіреді. 1934 жылға дейін "Энергия" колхозында егіншілер бригадасының бригадирі болып істейді. 1934-1941 жылдары Сарқант МТС-да тракторшылар бригадасының бригадирі болады. 1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысады. 1944 жылы соғыстан жараланып еліне қайтқан ол бригадирлік жұмысын жалғастырады. Оның бригадасы жыл сайын тракторлық жұмыстардың жоспарын асыра орындап отырды: 1945 жылы - жоспар -114%, жанар-жағармай үнемдеу -1580 кг; 1946 жылы - жоспар -152%, жанар-жағармай үнемдеу - 4251 кг; 1947 жылы - жоспар -140% , жанар-жағармай үнемдеу - 1697 кг. 1947 жылы бригада жоғары міндеттеме алып, оны ойдағыдай орындайды; 182,42 гектар жердің әр гектарынан орташа есеппен 23,2 ц-ден өнім алған.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі "За освоение целинных земель" медалі Еңбек Қызыл Ту ордені Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері