Уилер Джефри (1898-1990) - ағылшын шығыстанушы ғалымы. Қызметі 1920-40 ж. ағылшын армиясы қатарында Иран мен Үндістанда қызмет еткен. 1940-50 ж. дипломат қызметте болып, полковник шенінде отставкаға шықты. Орта Азияда 1956-68 ж. "Орта Азия шолулары" атты журнал шығарып, онда Қазақстан мен Орта Азияның тарихына қатысты бірқатар мақалалар жариялады. Осы мақалаларында ол "кеңестік отаршылдық" деген тұжырымдаманы ұсынушы ретінде танылды. Оның еңбектерінде кеңес өкіметінің Орта Азияда жүргізген саясаты жергілікті ұлттың мүддесіне үйлеспейтіндігі жайлы пікірлер білдіріп, кеңестік биліктің орыстандыру бағытында ұйымдастырған іс-шаралары айыпталған. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ғалымдар