Гавриил Дмитриевич Синягин (1888-1955)Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1947), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1888 жылы Ресейде, Пенза губерниясы, Инсарск уъезі, Никольско-Пестровка селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 12 жасынан байларда жалшы болады. 1910-1918 жылдары әскер қатарында қызмет етеді. 1918 жылдан бастап тұтынушылар қауымдастығы жүйесінде басшылық құрамында істейді. 1940 жылы "Пролетарий" колхозының председателі болады. 1945-1955 жылдары Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданы, Ворошилов атындағы колхоздың председателі болып істейді. 1946 жылы колхоз 60 гектар жаздық бидай алқабының әр гектарынан 30 центнерден, ал астық дәнді дақылдардың барлық алқабының әр гектарынан межеленген 9 центнердің орнына 12,5 центнерден дән жинап, социалистік жарыста жеңіп шығады.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1947)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері