Гаурлик Аркадий ВикентьевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы, Лугов МТС-ның директоры (1938). 1910 жылы Беларусь жерінде, Гродненск облысы, Лиде қаласында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1934 жылы Қазақстанға, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Мүкрі МТС-на келген ол агроном-қызылшашы болып істейді. 1938 жылы аға агроном, содан кейін Лугов МТС-ның директоры болады. 1947 жылы тракторлық жұмыстар жоспары 124%, ал 1948 жылы - 141% орындалады. Бұл жылдары Лугов МТС-ы мемлекет қаражатын 71497 сомға үнемдеген. 1947 жылы МТС қызмет көрсететін колхоздар әр гектардан 11,9 центнерден астық, 400,9 центнерден қант қызылшасын алады.

Наградалары Еңбек Қызыл Ту ордені (1947) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері