Петр Степанович ХорешковГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Лугов МТС-ның тракторшылар бригадасының бригадирі (1946). 1918 жылы Жамбыл облысы, Луговая селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1932 жылы бастауыш мектептің 4 класын бітірген соң, 14 жасында Ленин атындағы қой совхозына жұмысқа кіреді. 1936 жылы тракторшылар курсын бітірген оны "Восток" колхозына жұмыс істеуге жібереді. 1939 жылы армия қатарына шақырылып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысады. 1946 жылы соғыстан кейін өз колхозына оралып, тракторшылар бригадасын басқарады. Колхоз жұмысын механикаландыруға ат салысып, тракторлық жұмыс сапасын жақсартады. Нәтижесінде колхоз 60 гектар жердің әр гектарынан 455 центнерден қант қызылшасын жинайды.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері