Түрке балық - Арктикалық Омуль - - Албырт тұқымдасына жататын балық.
Биологиялық сипаттама Дене тұрқы - 64см, салмағы 2,7 кг.
Түрке балық жыныстық жағынан 6-8 жасында жетіледі. Қыркүйек-қазан айларында уылдырық (7 700-413 000) шашады.
Ұсақ омыртқасыздар, планктонмен көректенеді.
Түрке балықтың еті дәмді және майлы(10,4%).
Байкалда ғана кездесетін Байкал омуліің (C.a. migratorius) кәсіптік маңызы үлкен.
Солтүстік Мұзды мұхит омулінен ірі (7 кг-ға дейін), етінің майлылығы 15%, сонымен сонымен қатар Байкалдаң аулайтын балықтың 50-70%-і осы Байкал омулінің үлесіне келеді.
Таралуы Түрке балық Солтүстік мұзды мұхитта таралған, уылдырық шашуға осы мұхитқа құйылатын Сібір өзендеріне шығады.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Сыртқы сілтемелер Позвоночные животные России: омуль Омуль: Описание и фото
Санат:Албырттәрізділер