нобай Татьяна көгілдір көбелегі () — жеке типті Otnjukovіa туысына жататын сирек кездесетін түр. Ол Turanana және Phіlotes туыстары арасындағы байланыстырушы эволюциялық топты құрайды. Iле Алатауынан, Жоңғар Алатауынан және Алтайдан (Күршім жотасынан) табылған. ТМД-дан тыс әлі табылмаған. Оңтүстік, оңтүстік-батыс, көбіне тасты беткейлерде 900–1100 м биіктіктегі бұта аралас түрлі шөпті жерлерде тіршілік етеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Көбелектердің ұшуы таралу аймағының оңтүстігінде мамырда,солтүстігінде маусымда байқалады. Жұлдызқұрты кермекте () тіршілік етеді. Солтүстік Тянь-Шаньның бар жерінде саны төмен, себебі тіршілік мекендерін малдың шектен тыс жайылып, тап-тап тастауынан болар. Түрді қорғау үшін ең алдымен, таралуын зерттеп, жиі кездесетін мекенін тауып, көрсетілген тау жоталарының бірінде шағын қорық ұйымдастыру керек.«Ғажайып омыртқасыздар.» Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас.
Дереккөздер
Санат:Қабыршақ қанаттылар