Ақтөбе ауылдық округі — Жамбыл облысы, Жуалы ауданы құрамындағы ауылдық әкімшілік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтоған, Бәйтерек, Жаңаталап ауылдары, Күркіреусу темір жол бекеті кіреді. Орталығы - Бәйтерек ауылы. Ауылдық округ оңтүстік-шығысында Қырғызстан Республикасымен шектеседі, батысында Қызыларық ауылдық округімен шектеседі. Ауданның басқа аймақтарына қарағанда қысы жылы, көктем ерте шығады.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ақтоған ауылы 97 91 93,8 48 42 87,5 49 49 100 Бәйтерек ауылы 1484 1713 115,4 742 897 120,9 742 816 110 Жаңаталап ауылы 990 778 78,6 485 405 83,5 505 373 73,9 Күркіреусу т/ж бекеті 122 100 82 58 47 81 64 53 82,8 Жалпы саны 2693 2682 99,6 1333 1391 104,4 1360 1291 94,9

Жер көлемі Жер көлемі 12880 га. 111 шаруа қожалығы, 1 ЖШС жұмыс істейді. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған. Картоптың элиталық тұқымын өсірумен айналысады. Егіншілікке Көксай өзенінің суы пайдаланылады.

Инфрақұрылымы Округте 2 орта, бастауыш мектеп, балабақша, мәдениет үйі, 2 кітапхана, фельдшерлік пункт, ауылдық амбулатория жұмыс істейді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы ауылдық округтері