Доу Цзянь-дэ (572-621) 7 ғасырдың 1-ширегінде Қытайдағы феодалдарға қарсы шаруалар көтерілістері басшыларының бірі. Шаньдун провинциясында шаруаның отбасында туған. Өз уезінде көтерілісшілер отрядын құрауға көмектескен. Кейін бірнеше көтерісшілер отрядын біріктіріп, үлкен армия (100 мың адамнан аса) құрды. Көтерілістің нәтижесінде Суй әулетінің өкіметі құлады. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:572 жылы туғандар Санат:621 жылы қайтыс болғандар Санат:Қытай