нобай|Жақайым (тереңдетілген шежіре) Жақайым - Кіші жүз Әлімұлы тапайсының Шекті руынан тарайды. Шектінің үлкен баласы Шыңғыстан туады. Көгіс, Ақбура, Тоқбура (Шалбура) деген аталарға бөлінеді.

Шектінің үлкен баласы Шыңғыстан туғандықтан Шектіден тараған басқа рулар "аға баласы" деп сыйлап, атап кеткен. Сыр бойының жоғарғы ағысы мен Арал теңізінің маңы және Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің бойына дейін мекендеген.

Н.А.Аристовтың айтуынша, 19 ғасырдың аяғында Әлімұлы руларының түтін саны 44,4 мың, оның ішінде Жақайымның түтін саны 5 мыңдай болған. Таңбасы Әлімұлының тайпасының таңбасымен бірдей. Жақайым руынан елге белгілі тұлғалар шыққан. Олар: Қыз Жібек, Сартай батыр (Жау жүрек мың бала), Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (жазушы), Нұртуған Кенжеғұлұлы (ақын) т.б.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Дереккөздер

Санат:Қазақ рулары Санат:Кіші жүз рулары