Қосбастау — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық округінің құрамындағы темір жол айрығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде, Түктібай ауылымен іргелес темір жолдың үстіңгі жағында орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен62 65 104,8 31 36 116,1 31 29 93,5
Тарихы 1922 жылы №111-ші разъезд болып іргесі қаланған. Оның қасында суы мол, арасы 15 метр болатын 2 бастау қатар тұр. Оны жұрт "Қосбастау" деп атайды. Ертеректе Түктібай бабаға әкесі еншісін бөліп берерде, ол: "Әке, еншімді әзір алмай қоя тұрайын. Бірінші өзіме лайық жер іздейін" деп үйінен шығып кетсе керек. Сонымен осы бұлақ басына келгенде Түктібай бұлақ басында өсіп тұрған 2 талды көріп, бұлақ суынан дәм татады. Қос бұлақ суы көздің жасындай мөлдір су екен. Одан торсығына су толтырып алып қатын-баласына беріп, әкесінен осы жерді сұрап алып қоныстанады. Разъездің "Қосбастау" атануы осыдан.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері