Бұжыр Бөлекұлы — / т.қ.ж. белгісіз/, Алшын тайпасының Әлім рулар бірлестігінің Шекті руының Қалу-Мәку атты адамынан - Бөлек - Бұжыр тарайды . Бұжыр - қалмақтармен соғысқан Жем бойының әруақты ері. Шамасы бұдан 350-400 жыл бұрын өмір сүрген. Бұжыр палуан тұлғалы, қайратты да ірі болған. Алшын мен қалмақ соғысында аса ерлікпен көзге түскен. Дүниеден өтерінде сауытын үлкен баласы Назарға, дулығасын - Шүренге, қылышын - Жекей атты әйелінен туған бір баласына берген деп айтылады. Сауыты - темір шынжырдан тоқылған кең көйлек сияқты дүние, ілгегі де шыншыр іспетті дөңгелек екен. Назарда екі батыр болған - Жәлімбет, Тыным. Кейін сауыт Тынымға, найзасы - Жәлімбетке тапсырылады. Сөйтіп сауыт қолдан - қолға көшіп, Дүзмағамбеттегі Абылази (1925 ж. туған) үйінде сақталған . Қатал заман кесірінен сауыт 40 жыл жер астында жатып, тот басып, 1977 жылы кездейсоқ табылған. Сауыт қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Қазақ хандығы" залында экспозицияда орналасқан.А7-Ақтөбе : Энциклопедия - Ақтөбе . "Отандастар - Полиграфия" ЖШС , 2001 жыл.
thumb|Бұжыр батыр ескерткіші. Ембі қаласы Дереккөздер
Санат:Тарихи тұлғалар