Еңбекші — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Талды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей, округ орталығы — Талды ауылынан 2 км-дей жерде Өсек (Үсек) өзенінің аңғарындағы жусан аралас әр түрлі астық тұқымдас шөп өскен тау бөктерінің қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты өңірінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17451533 1601 104,4 762 822 107,9 771 779 101
Тарихы 1950-1997 жылдары "Октябрьдің 40 жылдығы" ұжымдарының бөлімшесі ретінде іргесі қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Еңбекшіде 90 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы елді мекендері