Алтынкөл (, , ) — Ресейдегі Алтай Республикасының солтүстік - шығысындағы тектоникалық ойыста жатқан аса көрікті көл.

Сипаттамасы 436м биіктікте, аумағы 123 шаршы км, ұзындығы 78 км, орташа ені 3 км. Көп жерінің тереңдігі 200 м-ден асады, ең терең жері 325м.

Тақта тас, гранит, метаморфтық жыныстардан тұратын шығанақсыз тік жағаларының биіктігі 800 - 1000 метрге жетеді. Түбі тегіс, сұр тұнбадан тұрады, жағаға таяу жері тастақ. Көлге 70 шақты өзен құяды, тек Бия өзені ағып шығады.

Көлге келіп құятын судың 97% -ы өзендерден келеді, оның 72% -ы Шолышман өзенінің үлесіне тиеді. Суы тұщы. Беткі қабатының температурасы жазда 14 - 16 °C, қыста 2,2 - 2,3 °C. Кей жылдары қатпайды.

Көлден хариус, таймень, алабұға, шортан, нәлім ауланады. Айналасында қылқан жапырақты қалың орман өскен. Туристер көп келеді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы ,1972ж., 1 том, 300б

Галерея

Дереккөздер

Санат:Турочак ауданы көлдері Санат:Улаган ауданы көлдері