Қалқанұстаушы или Қалқанкөтеруші — гералдикалық қалқанның қос жағынан орналасатын, адамның, жануардың фигураларынан және фантастикалық фигуралардан тұратын елтаңба элементі. Олардың қызметі қалқанды ұстап тұру немесе оны көтеріп бара жату.
Тарихы Геральдикағы қалқанұстаушылардың бейнесін бейнелеу дәстүрі сарбаздардың қалқаны мен дулығаларын ұстап жүретін қалқанұстаушылардың құрметіне жасалған деседе болады. Алайда өте ертеректе қалқанұстаушы ретінде жауынгерлердің, алыптардың фигураларын қоюдың орнына жануарлардың қиялғажайып фигуралардын жасайтын болды. Олар елтаңба иесінің жетістігіне жетелеген немесе қолдаған рухани күшін бейнелеу қажетПохлёбкин В. Халықаралық бейнелеме және эмблематика сөздігі. М. 2001. 521 Б.. XIV ғасырдың басында қалқанұстаушыны көптеген мөрлер мен елтаңбалық суреттерде кездесе бастадыАрсеньев Ю. В. Геральдика. (1907—1908) — М.: ТЕРРА — Книжный клуб, 2001. С.306.. Қаланұстаушылардың түрлері және Геральдикадағы орны 150px|thumb|left|Қалқанұстаушы арыстандар Француз геральдикасында мүндай фигуралардың екі түрлі анықтамасы бар. Коломбиер қалқанұстаушыларды періште, әуле, жауынгер, яғни, адам кейпіндегі образдарға келтірсе, қалқынкөтерушілерге қиялғажайып немесе шынайы жануарлардың фигураларын жатқызады. Ал тағы бір француз герльдисті Палльо оған басқаша анықтама береді. Оның пайымдауы бойынша қалқанұстаушыларға тек жалғыз адам немесе жануар кейпіндегі фигуралар жатады, ал қалқанкөтерушілерге қалқанның қос жағынан тұратын фигурал жатады.
Қалқанұстаушылар бірдей болуы мүмкін, не болмаса әр түрлі болуы мүмкін, яғни, қалқынның екі жағында да бірдей жануар немесе адам бейнеленуі мүмкі, яки бір жағында басқа, ал екінші жағында басқа фигура болуы мүмкін. Екі қалқанұстаушылары бірдейге Францияның ежелгі корольдік елтаңбасын жатқызуға болады. Ал әртүрлі қалқанұстаушылар бейнеленген елтаңбаға Ұлыбританияныкін жатқызуға болады. Ұлыбританияның елтаңбасында қалқанның бір жағында тәжді алтын арыстан, ал екінші жағында кісенделген дарамүйіз бейнеленген.
Дереккөздер
Санат:Елтаңба элементтері Санат:Геральдика