Бәңгі көбелектер тұқымдасына ()  1000-нан аса түрі бар ерекше ымырт көбелектері жатады.

Биологиялық сипаттама Қонып отырған бәңгіні барынша ірі шылымтәріздес денесі мен қанатынан байқауға болады. Оның алдыңғы қанаты тар және ұзын, артқы қанаты қысқа және кең болып келеді.

Ал қанат қаққан бәңгіні колибримен шатастырып алып жатады. Басқа көбелектен гөрі Бәңгілер шымшыққа ұқсайтыны қызық. Бәңгілер өте жылдам самғайды, тіпті жылдамдықтары 54 км/сағатқа дейін жетеді. Бұл кезде қанаттарын жылдам қағатыны соншалық, алуан реңмен араласып, жеңіл дыбыс шығарады. Гулге ұшып жеткен бәңгі ауада қалықтап тұрып, ұзын тұмсығын оның түбіне дейін сүңгітеді. Ұзын түтікпен хош иісті темекі, шырайгүл, меңдуананың нәрін сорып алады. Әдетте бәңгілер тозаңдандыратын гүлдердің иісі тунде ерекше аңқып тұрады.

thumb|left|220px|Олеандр бәңгісі Бәңгілер арасында талғамен боялған ірі түрлері аз емес. Олардың бірі Олеандр бәңгісі, қанатын жайғанда 10 см-ге дейін жетеді. Мадагаскарда гүлінің тереңдігі 20 см-ге жететін орхидея табылған кезде, Чарлз Дарвин оны ұзын тұмсықты бәңгі тозаңдандырған деген жорамал айтты. Мұндай көбелек 1903 жылы ашылды. Бұл көбелек Африкада, Жерорта теңізінде, Иранда, Ауғанстанда кең таралған, бірақ кейде жазды күні солтүстікке сапар шегіп, Ресейдің орта белдеуінде де ұшырасып қалады. Тұрақты мекені Каваказдың Қара теңіз жағалауы, мұнда жерорта теңізі олеандрларының көшеттері егілген (олардың жапырақтары жұлдыз құрттарының жеңсік асы болып саналады). Олеандр бәңгісінің ірі жұлдызқұрттарының дене ұштарында мүйіз түріндегі тығыз бездер өседі. Олар ірі ақтаңдақ- «көзшелері» бар денесін көтере ісініп дұшпандарын үркітеді.

thumb|left|220px|«Өлі бас » бәңгісі Ірі бәңгі «Өлі бас » осылай аталуының арқасында қу бас пен айқасқан сүйектерді еске салатын сурет орналасқан. Көптеген халықтар осы көбелекке қатысты ырым - тыйымдар шығарып, оны бақытсыздық нышанына балайды. Бұл ащы дауыс шығара алатын бірден бір көбелек. Ол тек қанатымен гуілдеп қана қоймайды, сонымен бірге шиқылдайды да. Жаңадан туған араның аналығы шығаратын дыбысқа ұқсас бұл шиқылға елігіп, бәңгі омартаға адасып кіріп кетеді. Гүл шіресінен бөлек, ол балға да құмар, жүздеген ара ұясынан балды құныға сорады. Бәңгінің көшпелі жәндік екендігі де қызықты: Еуропаның оңтүстігінде дүние есігін ашқан көбелектер Қола түбегіне дейін ұшып жетеді.

Smerinthinae тұқымдас тармағы LaothoeFabricius, 1807 Laothoe amurensis (Staudinger, 1892) Laothoe populi (Linnaeus, 1758) Smerinthus Latreille, (1802) Smerinthus ocellata Linnaeus, 1758 Smerinthus caecus Marumba Moore, (1882) Marumba quercus (Denis & Schiffermüller, 1775) Marumba gaschkewitschii (Bremer & Grey, ) Mimas Hübner, (1819) Mimas tiliae (Linnaeus, 1758) Mimas christophi (Staudinger, 1887) Callambulyx Rothschild & Jordan, 1903 Callambulyx tatarinovii (Bremer et Grey, 1852) Callambulyx poecilus Dolbina Staudinger, 1887 Dolbina elegans Dolbina tancrei Staudinger, 1887 Akbesia Rothschild & Jordan, 1903 Akbesia davidi Clanis Clanis undulosa Clanis schwartzi

Sphinginae тұқымдас тармағы Sphinx Linnaeus, 1758 Sphinx ligustri Linnaeus, 1758 Sphinx pinastri Linnaeus, 1758 Agrius Hübner, (1819) Agrius convolvuli (Linnaeus, 1758) Acherontia [Laspeyres], 1809 Acherontia atropos (Linnaeus, 1758) Acherontia lachesis

Macroglossinae тұқымдас тармағы HemarisDalman, 1816 Hemaris fuciformis (Linnaeus, 1758) Hemaris tityusLinnaeus, 1758 Hemaris thysbe Hemaris croatica ProserpinusHübner, (1819) Proserpinus proserpina (Pallas, 1772) SphingonaepiopsisWallengren, 1858 Sphingonaepiopsis gorgoniades Rethera Rothschild & Jordan, 1903 Rethera komarovi (Christoph, 1885) DaphnisHübner, (1819) Daphnis nerii (Linnaeus, 1758) ClarinaTutt, 1903 Clarina kotschyi AcosmeryxBoisduval, (1875) Acosmeryx naga (Moore, 1857) Macroglossum Scopoli, 1777 Macroglossum stellatarum Linnaeus, 1758 Macroglossum gyrans Hyles Hübner (1819) Hyles euphorbiae (Linnaeus, 1758) Hyles galii Rottemburg, 1775 Hyles livornicaEsper, 1780 Hyles vespertilio (Esper, 1780) Hyles hippophaes Hyles nicaea Deilephila Laspeyres, 1809 Deilephila elpenor (Linnaeus, 1758) Deilephila porcellus (Linnaeus, 1758) HippotionHübner, (1819) Hippotion celerio (Linnaeus, 1758) Theretra Hübner, (1819) Theretra clotho Theretra alecto Euchloron Boisduval, 1875 Euchloron megaera (Linnaeus, 1758)

Галерeя

Сыртқы сілтемелер Sphingidae of the Western Palaearctic\Бражники западной палеарктики Бражники Азии Бражники Sphingidae — Список типов

Дерек көздер Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 2012.

Санат:Биология Санат:Көбелектер