Карлос Мария де Альвеар (; 25.10.1789, Санту-Анжелу — 03.11.1852, Нью-Йорк, АҚШ) - Аргентинаның саяси және әскери қайраткері.

1806-11 ж. Испания королының әскерінде қызмет істеді.

1808-14 ж. испан халқының француздық басқыншылығына қарсы соғысына қатысты.

1812 ж. Аргентина патриоттарының азаттық куресінде көрнекті роль атқарды.

1813 ж. Ла-Плата провинцияларының Бас конституциялық ассамблеясының төрағасы болды.

1814 ж. Буэнос-Айрес патриоттарының күресіне басшылық етті.  

Альвеар 1815 ж. Ла-Плата провинцияларының жоғарғы билеушісі. Сол жылы сәуір айында қызметінен түсіп, елден безіп кеткен.

1821 ж. амнистиядан кейін отанына қайтып оралып, Аргентинаның АҚШ-тағы елшісі (1824, 1838), соғыс және теңіз министрі, Аргентинаның бас қолбасшысы болды.

1852 ж. АҚШ-та қайтыс болды.

Сыртқы сілтемелер

Альвеар в Советской исторической энциклопедии

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Аргентина