Қызғылтсары айқабақ - () торғайлар сабының Сандуғаштар тұқымдасының Айқабақтар тегіне жататын сайрағыш құсы.
Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқы - 13 см, қанаттарының өрісі 15—17,5 см. Денесінің төбе жағының қауырсындары - ақшыл-қоңыр, төмен жағы - ақшылдау. Жыныстық дисморфизм болмайды, еркегі де ұрғашысы да сырт көрінісі бірдей.
Қызғылтсары айқабақ - ең кішкене айқабақтардың бірі, басқаларына өте ұқсас, тек қана жазда төбесінің қауырсындары жонынан қошқылдау болып көрінеді . Дауысы мен әуезі де өзге кішкене айқабақтарға, әсіресе саз айқабаққа ұқсас, алайда одан айырмашылығы қызғылтсары айқабақ бұталарда емес, қамыста өмір сүреді.
Қамысқа ұялайды, сонымен бірге ұяда өзін сақ ұстайды. Қамыс немесе қоғаның бірнеше сабақтарына орнықтырылған цилиндр пішінді ұя суға жиі тиіп тұрады, алайда көбінесе судан 30 см қашықтықта болады. Салындыда көгілдір немесе жасылдау реңкті теңбілденген 4-5 жұмыртқалар жатады. Ұялау тұрмысы егжей- тегжейлі зерттелмеген .
Таралу аймақтары Бүкіл Орта Азияда кең тараған. Қазақстанда қамысы қалың өскен жазықтық, су қоймалардың барлығында болады.
Қыста Пәкістан мен Үндістан жаққа миграция жасайды. Қазақстанда сәуірдің ортасынан қазан айының алғашқы жартысына дейін 6 айға жуық болады.Қазақстанның құстары кітабы, Атамұра 2011 ж.
Сыртқы сілтемелер http://www.birds.kz/species.php?species=451&l=ru Позвоночные животные России: Индийская камышевка
Дереккөздер
Санат:Торғайтәрізділер Санат:Азия құстары