Электростикалық өріс - қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі. нобай|солға Жермен өзара әрекеттесетін кез - келген дене оның центірінен әр түрлі қашықтықта түрліше потенциалдық энергияға ие, g1 электр заряды басқа g2 зарядынан әр түрлі қашықтықта болған сайын әр түрлі потенциалдық энергияға ие болады. Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8 - сыныбына арналған оқулық. Өңд.2-бас./Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова. - Алматы:Мектеп баспасы,2008.-256 бет, суретті. ISBN 5-89800-008-9 g заряды тудырған электр өрісіндегі зарядты, өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің атқарған жұмысы электрлік өзара әрекеттің потенциалдық энергиясының өзгеру өлшемі болып табылады:

A=Eп-Eк

Өрістің әр нүктесіне зарядқа осы зарядқа пропорционал F=gE күші әрекет етеді. Заряд орын ауыстырғандағы бастапқы және соңғы орындарына тәуелді:

A/g=Еп1/g-Еп2/g

Eп1 мен Еп2 электр өрісінің 1 және 2 нүктелеріндегі g зарядының потенциалдық энергиясы. Бұл зарядтың әр нүктедегі потенциалдық энергиясы әр түрлі болады. Ол зарядтың өзіне және өрістің қасиеттеріне байланысты. Eп/g қатынасы зарядтың шамасына тәуелді емес, өрістің энергетикалық сипаттамасы деп қабылдап, p әріпімен белгілейді және берілген нүктедегі өрістің потенциалы деп атайды:

Р=Еп/g

Eп1/g-Еп2/g шамасы бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясының өзгеруі болып табылады. Өрістің нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырымы дейді және оны р1-р2 немесе U деп белгілейді:

U=p1-p2=Eп1/g-Еп2/g=A/g

Өрістегі заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқаратын жұмысы мынаған тең:

A=g(p1-p2)=gU

Өрістің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырымының физикалық мәні бар - кернеу деп атайды. Потенциалдар айырымы электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. Электр өрісінің кернеулігі қарастырылатын нүктелер арасындағы кернеудің олардың арақашықтығына қатынасына тең.

Дереккөздер

Санат:Физикалық шамалар