нобай|Atragene sibirica Сібір ушырмауығы () — сарғалдақтар тұқымдасына жататын өсімдік. Туыстың Қазақстандағы жалғыз өкілі. Тянь-Шаньда (әсіресе солтүстігінде көп), Жоңғар Алатауында, Тарбағатай және Алтайда кездеседі. Қылқан жапырақты ормандарды, тау өзендері жағалауларында, бұта шіліктерінде, орман белдеуінің жоғарғы шекарасына дейін (теңіз деңгейінен 3000 м-ге дейін) көтеріле өседі. Бұл бұта ұзын (8 м-ге дейін) өрмелегіш сабақтарымен, лиандар тобына жатады (мысалы: жүзім тәрізді). Бұтақтанған сабағы сүйенішке ұзын иректелген жапырақ сабақтарының көмегімен бекінеді. Жапырағы ортасынан екіге бөлінген, ұшы үшкір, сопақандауырша ,жиегі аратісті. Гүлдері гүлтабанында жалғыздан, ірі (диаметрі 7 см-ге дейін) ұзын. Тостағанша жапырақшаларының саны төртеу, ақ немесе сәл сарғыш. Желектерінің саны көп, тегіс, жіңішке тостағанша жапырақшаларынан 2-3 есе қысқа. Аталықтары да бағаналарымен, қауырсын тәрізді түк басқан. Ушырмауық мамырдың ортасынан шілденің басына дейін гүлдейді. Өте тиімді декоративті бұта, өнімді омарталық өсімдіктің бірі. Әр гүл, 90 миллиграмға дейін шірне бөледі. Жер үсті бөліктері жапырағы мен гүлдері халықтық медицинада бас ауруына, безгек, асқазан және бауыр ауруларына, кейбір ісік түрлерін емдеуге кеңнінен қолданады.Қазақ Энциклопедиясы, республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Atragene sibirica L. Atragene sibirica L.
Санат:Сарғалдақтар тұқымдасы