Жанар Хамитова (1989, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы - 2019, сонда) - әнші.
5 жасында бірінші сыныпқа барған. Кішкентай кезінен спортпен шұғылданған, бес жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. 8- сыныптан бастап, үлкен сахналарға шыға бастады. 2006 жылы «SuperStar KZ» мега-жобасына қатысқан. Бұған дейін де «Жас сұңқар», «Замана бұлбұлдары» сияқты көптеген байқауларда бақ сынаған. «Super Starдан» кейін «Superstar shou» деген 8 адамнан тұратын топта, одан кейін қыздардан тұратын «China Town» құрамында болды. Кейін Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» дуэтінің әншісі болды. 2009 жылы «Арнау» дуэтінің құрамынан бөлініп кетті.Қазақстан әншілері кітабы, 2011 ж. Дереккөздер
Санат:1989 жылы туғандар Санат:2019 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:Қазақстан әншілері