Ақ айрауық, ақ өлең () – астық тұқымдасының айрауық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде — өзен, көл, арық жағаларында, құмды топырақты өңірлерде өседі. Биіктігі 50-120 см, тамыры төсемелі. Жапырағы жіңішке, таспа тәрізді келеді. Гүл шоғыры үлкен, сыпыртқы басты, масақшалары қоңыр, күлгін түсті болады. Маусым — шілдеде гүлдейді. Ақ айрауық — құнарлы мал азығы.
Дереккөздер: Қазақ энциклопедиясы I том
Санат:Астық тұқымдасы