Анадыр таулы үстірті - Азияның солтүстік-шығысындағы Анадыр өзенінің жоғарғы ағысы мен оның саласы - Юрумкувеемнің аралығында.

Ұзындығы 400 км-дей, ені 130 км. Көпшілік жерінің биіктігі 800-1100 м.

Палеоген мен бор дәуірінде түзілген базальттан, андезиттен, дациттен құралған.

Үстіртте ірі көл - Эльгыгытгын бар.

Оңтүстік-шығысында Щучий және Осиновск (1221 м) жоталары бар. Үстіртте тундра бұталары, тау баурайында селдір балқарағай өседі. Батпақты келген өзен бойы бұғы жайылымы ретінде пайдаланады.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Ресей географиясы