Кинкажу () – жанаттар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі.
Оның бүкіл денесінің ұзындығының жартысы құйрығы алады. Салмағы 3 кг болады. Оңтүстік Мексиканың ормандарында, Орталық Америкада, ағаштарда тіршілік етеді. Күндіз қуыстарда жатады да, түнде тездетіп, ептілікпен ағаш бұталарында өрмелей жүріп тамақ іздейді. Негізінен, жемістерімен, насекомдармен, басқа да ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Жаңа туғанда кинкажу баласы соқыр болады да, тек 10 күннен кейін ғана көзі ашылады. Жеті апта өткенде ол да құйрығымен ағашқа ілініп тұра алады.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727
Дереккөздер
Санат:Жанаттар