Мозамбик бұғазы – Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралы мен Африка аралығындағы бұғаз. Ұзындығы 1670 км, ені 422 – 925 км. Тереңдігі орталық бөлігінде 2400 м, солтүстік мен оңтүстік жағында 3000 метрден астам. Мозамбик бұғазындағы Мозамбик жылы су ағысы солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады. Бұғазда Еуропа аралы бар. Ірі порттары: Бейра, Накала, Келимане.
Санат:Африка бұғаздары Санат:Үнді мұхиты бұғаздары