Шахарбану Есенғұлова - Актриса, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1980). 1946 жылы 16 мамырда Тарбағатай ауданында дүниеге келген.

КСРО мемлекеттік Ленин орденді академиялық кіші театры жанындағы И.Щепкин атындағы театр училищесінің драмалық театр және кино факультетін бітірген (1972). 1964-1967 жылдары Тарбағатай ауданындағы орта мектепте музыка пәнінен сабақ берді. Торғай, Жезқазған, Орал облыстық қазақ драма театрларында актриса болды. 2001 жылдан Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актрисасы.

Дереккөздер

1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.

2. http://kitaphana.kz/

Санат:1946 жылы туғандар Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері