Қызыл – Ащықақ (Тұздықақ) сорының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылының оңтүстік-шығысында 28 км жерде орналасқан.
Жер бедері Ең биік жері 11 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 4 км. Солтүстігінде Мешітқұм, шығысында Қарағали, Қарабұдыр құмдары жатыр.
Өсімдігі Құмды, сортаңды сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жүзгін, қияқ, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. Жер бедері жонды-белесті төбелерден тұрады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы құмдары