Боз тоқылдақ (Picuscanus) -«жасылтоқылдақтар » туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі , дене мөлшері орташа (115-130 г). Жабын қауырсындары бірыңғай реңкті сұрғылт жасыл , ашық сұр түсті басында (сондықтан боз атауы берілген) қызыл телпегі бар.Дыбыс шығармайды және көзден таса жүреді . Еуразияның аралас және жапырақты ормандарында қоныстанады.Қазақстанда тек қана Алтайда ұялайды.Көктемде тұмсығымен ұзақ және жиі даңғырлатып , тоқылдақтарға тән «даңғыраны жиі қаққан» дыбысын шығарып, ағаш дінің соққылайды .Боз тоқылдақтың өмір сүру дағдысы Қазақстанда зерттелмеген.

Дереккөздер

Санат: Тоқылдақтәріздестер отряды