Усарғалдақ(чистотел большой) Усарғалдақ- көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сипаты Биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жуан әрі қысқа болады,көптеген қосымша тамырлары бар. Жапырақтар кезектесе орналасады,тамыр жапырақтары мен төменгі сабақ жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғылары отырмалы . Жоғарғы бөлігі ірілеу үш салалы. Гүлдері сары түсті, гүл сабақтары жіңішке, қолшатыр сықылданып шоғырланып өседі . Жемісі-ішінде қара қоңыр тұқымдары бар,ұзындығы 6 сантиметрге жететін қауашақ. Өсімдіктің қай жерін сындырып көрсеңіз де сөлі бөлінеді. Мамыр-тамыз айларында гүлдейді, жемісі шілде-қазан айларында піседі. Усарғалдақ көлеңкелі жерлерде,өзендер мен көлдердің жағаларында,батпақтардың жиегінде, бұталардың арасында,сиреген ормандарда, жыраларда, жарлардың басында,бақшаларда өседі. Емдік қасиеті Дәрі жасауға оның жер үстіндегі бөлігін пайдаланады Усарғалдақтан жасалған дәрілердің сүйелді кетіретін,ауырғанды басатын,микробтарды жоятын, өт және несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеттері бар. Халық медицинасында бұл өсімдікті тері туберкулезін,подаграны, ревматизмді, сүйелді,есекжемді, тері рагын емдеуге пайдаланады. Ол бауырдың, өт қалтасының, өт жолдарының ауруларын емдеу үшін қолданады. Усарғалдақтан жасалған дәріні байқамай шамадан тыс ішіп қойған адам уланады. Мұндай жағдайда адам қатты шөлдейді,басы ауырады, асқазаны топталып, ауыр тартады, басы айналады, сөйтіп бірте-бірте есінен танады,сандырақтайды. Сондықтан бұл өсімдікпен емдеу тек қана дәрігердің бақылауымен жүргілізетінін есте ұстаған жөн. Санат:Биология
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Усарғалдақ · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.