Сәулет өнері.Өнердің бұл түрі Қазақстанда X-XII ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді.Оның басты дәлелі-Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі,Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары.Алайда XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы бұл өнердің дамуына үлкен нұқсан келтірді.Өйткені XIII ғасырдан XIV ғасырға дейін жерімізде айтарлықтай ірі құрылыстар салынбаған. XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде XIV-XV ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған.Мәселен, бұл кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне Арыстан-баб, Қожа-Ахмет Йасауи, Көккесене, Алашахан, Дәуітбек, Тектұрмас сияқты кесенелер жатады. "Арыстан-баб кесенесі" көне Отырар қаласының батыс жағында 3км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан.Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстан-баб VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Оның басына тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған күмбезді Әмір Темір XIV ғасырда қайта салғызыпты. Арыстан-баб кесенесі екі бөлмеден тұрады.Ортасында дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен көтерілген. Кесене XIX ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнері · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.