Тұрыш — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл.
Географиялық орналасуы Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 80 км жерде, Сам құмының солтүстік шетінде орналасқан.
Тарихы Ауыл 1973–1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін “Сам” кеңшарының бөлімшесі болған. Оның негізінде Тұрышта шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 518 636 686
Тарихи ескерткіштер Ауыл төңірегінде Асау-Барақ Дәулетбайұлы, Таумен – Қарағұл, Әжімұрат, Сәулебай, т.б. тарихи-археологиялық ескерткіштер орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Инфрақұрылымы Ауылда Тұрыш мектеп- балабақша кешені, Тұрыш селолық клубы, фельдшерлік – акушерлік пункті, «ТрансГазАймақ», «Обаға қарсы күрес» және «Ауа- райын бағдарлау станциясы», Қазпошта бөлімшесі, АТС байланыс торабы, «Бейнеусусервис» КМК-ны қызмет көрсетеді, сонымен қатар ауыл табиғи газ, электр энергиясы, ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Транспорты Ауылдан «Бейнеу - Жезқазған» теміржолы, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры және «Сыңғырлау – Сам – Ноғайты – Тұрыш» грейдер автожолы өтеді.
Ауыл шаруашылығы Ауылда 13 шаруа қожалығы бар. Жалпы ауыл бойынша мал басы: сиыр – 113, қой мен ешкі – 9499, жылқы – 897, түйе – 1232 басты құрайды. Қысқы мал азығын ауылға «Астық – терминалы» компаниясы жеткізеді.
Дереккөздер
Санат:Бейнеу ауданы елді мекендері