Ақарал — Жамбыл облысының Меркі ауданындағы ауыл, Ақарал ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылының оңтүстік-шығысында 7 км-дей жерде, жусан, еркек шөп аралас өскен шөлейтті белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2206 2572 116,6 1055 1316 124,7 1151 1256 109,1

Тарихы Колхоздастыру кезінде 1929 жылы артель болып ұйымдасты. 1932 жылы "Краснооктярь" колхозы болып құрылды. 1958 жылы "Сұрат" колхозына біріктіріліп, "Киров" колхозы атанды. 1962 жылы "Краснооктябрь" "Кировтан" бөлініп, Қызылша кеңшарының 3-бөлімшесі болып құрылды. Бұл ауыл қызылша тұқымын өсірумен айналысты. 1969 жылы "Краснооктябрь" жүзім кеңшары болып қайта құрылды.

Инфрақұрылымы Ақаралда бұрынғы шаруашылық негізінде ұйымдасқан өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Орта мектеп, емхана, клуб тағы басқа мекемелер бар. Ақарал арқылы Тараз — Қордай көлік жолы өтеді. Қазақ энциклопедиясы, I томЖамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері