Ехоба куәгерлері "қаннан аулақ жүру" деген қан құйдырмауды және тапсырмауды, сондай-ақ өз қанын сақтамауды білдіретінін түсінеді. Сонымен қатар олар Құдайдың заңын құрметтейтіндіктен қанның негізгі төрт құрамбөлігінен, яғни қызыл және ақ түйіршіктерден, тромбоциттер мен плазмадан, бас тартады.
Бүгінде қанның осы құрамбөліктері одан әрі ұсақ фракцияларға бөлінеді де, түрлі жолдармен қолданылады. Мәсіхші осындай фракцияларды қабылдай ала ма? Оларды қан деп қарастыра ма? Бұл мәселеде әркім жеке шешім қабылдауға тиіс. Адамның өз қаны сақталмай, бірден қолданылатын гемодиализ, гемодилюция және реинфузия сияқты емшараларға қатысты да осылай ету керек.
Жеке шешіміміздің қандай болатыны Ехоба үшін бәрібір ме? Жоқ, олай емес, біздің ойымыз бен ниетіміз оны қатты қызықтырады . Олай болса, дұға ете отырып ізденіс жасап, қандай да бір дәрі-дәрмек не емшара туралы көбірек мәлімет алғаннан кейін, Киелі кітапқа сай тәрбиеленген ар-ұжданымызға сүйеніп әрекет етуіміз керек . Әрине, өзгелердің бізді өз ар-ұждандарына сай әрекет етуге итермелегені не біздің олардан: “Менің орнымда сен не істер едің?”— деп сұрағанымыз дұрыс болмас еді. Мұндай жағдайларда әр мәсіхші өз іс-әрекеті үшін өзі жауапты.
Дереккөздер Құдайдың сүйіспеншілігі, Алматыкітап