Құздықара - Мұғалжар тауларының солтүстік-батыс бөлігіндегі қыстау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Құмсай ауылынан батысқа қарай 21 км жерде, Құласу және Шилі өзендерінің аралығында орналасқан. Батысында Құласу, шығысында Құмбұлақ, оңтүстігінде Кемербұлақ қыстаулары бар.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, көкпек, бұйырғын, бидайық, т.б. өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат: Ақтөбе облысы елді мекендері