thumb|left|160px| "Аполлон 8" экипажы: Джеймс Ловелл, Уильям Андерс, Фрэнк Борман «Аполлон-8» — "Аполлон" ғарыш кемелерінің тобының 3-орындық басқарылатын ғарыш кемесінің аты. Аполлон 8 алғашқы рет адамдарды Ай орбитасына жеткізген. Мақсаты - комплексті байқау, негізгі блокты Ай орбитасына шығару. Бұл ғарышқа сапарының тарихи мәні бар - "Ай жарысындағы" АҚШ-тың едәуір серпілісі болды.
Техникалық мәлімет Ғарыш кемесі бір бөліктен тұратын - негігі блок. Құрамында : командалық отсек (СМ-103, массасы - 28,9 т) жұмыс отсегі (SM-103).
Айға қонатын отсектің орнына макет орналастырған. Ұшыру үшін «Сатурн 5» зымыран тасығышы қолданылды (AS-503).
Экипаж Командир — Фрэнк Борман (2-ші үшуы) Экипаж кабинасының ұшқышы - Джеймс Ловелл (3-ші ұшуы) Ай блогының ұшқышы - Уильям Андерс Бастапқы кезде топқа Майкл Коллинз кірген, бірақ соңына қарай медициналық көрсеткіштер ойынша оның орнына Ловеллді алды.
Старты thumb|"Аполлон 8", 1968 жыл «Аполлон-8» 21 желтоқсан 1968 жылы сағат 12:51 де Гринвич бойынша ұшты, жоспардан 65 секунд кештеу.
Старттан 55 сағат 38 минуттан кейін ғарыш кемесі Жердің тарту күші аумағынан шығып, Айдың тарту күші аумағына кірді.
Ай орбитасына шығу
Ғарыш кемесінің стартынан 68 сағат 4 минут өткеннен кейін астронавттар селеноцентрлік орбитаға кіруге рұқсат алды. Сонан соң 1 сағаттан кейін кеме Айға қарай бағыт алды. Борманның жүрек соғысы сол кезде - минутына 130 болды.
Старттан 72 сағат өткенде астронавттар теледидар байланысына шығып, Айдың көріністерін, жасаған суреттерін көрсетті. Жалпы Ай орбитасын айналып жүргенде астронавттар Жермен 4 теледидар сеанс өткізді.
Ай орбитасында 10 рет айналғаннан кейін старттан 89 сағат 19 минут өткеннен кейін, астронавттар негізгі козғалтқышты қосып, Жерге қарай бағыт алды.
Жерге қайтып оралу thumb|left| "Аполлон 8"-дің экипаж отсегі «Йорктаун» авианосецтын үстінде
Айдан Жерге қарай кері жолында астронавттар дем алды, Андерс 45 минутқа кезекшілік кезінде ұйықтап қалды. Соңғы бесінші теледидар сеансында астронавттардың көңіл-күйі көтерінкі болып, олар ойнап-күліп, кемесінің ішкі құрылысын, иллюминатордан Жердің көрінісін көрсетіп жатты. Теледидар сеанстарының жалпы ұзақтығы - 28 сағаттай болды.
Старттан 146 сағат 31 минут өткенде экипаж отвегі қозғалтқыш отсегінен бөлініп, атмосфераға кірді. 146 сағат 54 минут өткенде тежегіш парашуттар ашылды.
«Йорктаун» авианосецтан 5 км қашықтықта координатта экипаж аман-есен суға қонды.
Жалпы ұшу сапарының уақыты - 147 сағат 00 минут 11 секунд.
Нәтижелері
NASA Аполлон 8 ұшу сапарын өте сәтті болды деп жариялады. Жетістіктердің негізгісі - Айдың беті толық жете зерттелді, Аполлон кемесінің күрделі ғарыш сапарларға шығуға мүмкіндігін дәлелдеді, адам үшін қауыпсіздігін дәлелдеді және көптеген маңызды ғарыш туралы мәлімет алынды.
Галерея
Сыртқы сілтемелер NASA-ның "Аполлон 8" ұшу сапары туралы бөлімі Apollo 8 Flight Journal «Аполлон-8» «„Аполлон“программасының деректері» Apollo 8 в Encyclopedia Astronautica Академик В. П. Мишин «Как мы проиграли Луну» Н. П. Каманин. Дневники
Санат:Ғарыштық бағдарламалар Санат:Ғарыш техникасы Санат:NASA Санат:Космонавтика Санат:"Аполлон" жобасы